Meta акциялары 1,5 процентке төмендеді
Facebook, Instagram әлеуметтік желілері кеше әлем бойынша дұрыс жұмыс істемей 300 мыңнан астам адам шағымданды.
Мәселеге қатысты Meta компаниясының өкілі Энди Стоун техникалық ақауларды мойындап, желідегі олқылықтар үшін кешірім сұрады. Қиындықтар неден болғаны әлі белгісіз. Желілердің істен шығуына байланысты, компания акциялары 1,5 процентке төмендеді. 3 жыл бұрын бірлестік тағы осындай жағдайға тап болып, 100 миллион долларға шығынға батқан еді. Сондықтан сарапшылар бұл жолы компанияға одан да көп залал келуі мүмкін деп отыр.