Филадельфияда атыстан 8 оқушы зардап шекті

АҚШ-тың Филадельфия қаласында атыс болып, 8 оқушы ауыр жарақат алды.

Оқыс оқиға мектеп аялдамасында орын алды. Белгісіз үш адам көлікпен келіп, көшеде тұрған балаларға оқ жаудырған. Қазір полиция қылмыскерлерді іздестіріп жатыр. Жапа шеккен оқушылар дереу ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, АҚШ-та жыл басынан бері жаппай оқ атудың 50-ден астам дерегі тіркелді.