Парижде жазғы Олимпиада ойындарына дайындық жүріп жатыр

Париж билігі жазғы Олимпиада ойындары кезінде қала тұрғындарын қашықтан жұмыс істеу режиміне көшуге шақырды.

Соның арқасында қоғамдық көлікке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік болады, – дейді қала шенеуніктері. Жалпы Гардиан басылымының дерегі бойынша Олимпиада кезінде париждіктердің көбі қала сыртына уақытша қоныс аударуды құп көреді екен. Сондықтан болар, жалдамалы жер үйлердің бағасы шарықтап кеткен. Айта өтейік, биыл жазда Франция астанасына 16 миллионнан астам турист келеді деп күтіліп отыр.