Ресейде әскери ұшақ құлады

Ресейдің Иванов облысында ИЛ-76 әскери ұшағы апатқа ұшырады.

Бұл туралы осы елдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Әуе кемесінде 7 экипаж мүшесі мен тағы осынша адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа қозғалтқыштан шыққан өрт себеп болуы мүмкін. Жергілікті тұрғындар отқа оранған ұшақтың кадрларын жариялады. Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына әуе-ғарыш күштері бас қолбасшылығынан арнайы комиссия барды.