Францияда қауіпсіздік күшейтілді
Францияда террорлық шабуыл қаупінің ең жоғары деңгейі жарияланды.
Мұндай шешім республиканың Қорғаныс кеңесі отырысында қабылданды. Оған Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залындағы лаңкестік шабуыл себеп болды. Шешім құзыретті мекемелерге ел аумағында терактың алдын алуға бағытталған кез-келген шара қабылдауға мүмкіндік береді.