Челябі облысында «Аркаим» қорығын су басты
Бұл кейінгі 15 жылдан бергі ең ірі тасқын дейді жергілікті билік.
Соңғы мәлімет бойынша бірнеше нысанды су шайған. Зардап шеккендер жайлы ақпар жоқ. Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы күндері аймақта жаңбыр жауып, су деңгейі көтеріледі деген қауіп бар. Бүгінде Челябі облысының 5 ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды.