Су тасқыны: Орынбор облысында мүлікті ұрлау дерегі тіркелді
Қызыл судан зардап шегіп жатқан Орынбор облысында халықтың қараусыз қалған мүлкін тонау деректері тіркелді, деп хабарлайды 24KZ.
Жергілікті прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, бір адам ұсталған. Ол су кірген үйден құрылыс заттарын алып кетпек болыпты. Күдікті ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Айта өтейік, Орынбор облысында 10 мыңнан аса үйді су басып, 4 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.