Орынборда су деңгейі 10 метрге жетті

Ресейдің Орынбор облысында су деңгейі тағы 4 см-ге көтеріліп, 10 метрге жетті.

Бұл қауіптің жоғары деңгейін көрсетеді, – деп хабарлады қала мэрі. РФ Құрылыс министрінің сөзінше, баспанасына жартылай зақым келген тұрғындардың үйін жөндеуге үкімет қолдау көрсетеді. Ал толық жарамсыз деп танылғандарға пәтердің әр шаршы метрі үшін 67,8 мың рубль көлемінде өтемақы төленеді.