Қорғанда Тобыл өзені көтерілді
Ресейдің Қорған қаласында Тобыл өзені тағы көтерілді.
Кейінгі тәулікте су деңгейі 7 сантиметрге жоғарылап, 416 сантиметрге жеткен. Бұл туралы қала әкімшілігі хабарлады. Болжам бойынша Қорғанда тасқынның шарықтау шегі 14-15 сәуірде болады. Төтенше жағдай министрлігі келтірген дерекке сәйкес, қазір 62 елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр. Осыған байланысты шаһардағы бөгетті нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындар эвакуацияланып жатыр.