Сот жүйесіндегі жасанды интеллект
Қазақстан мен Қытай соттары өзара тәжірибе алмасып жатыр.
Көрші елдің жоғарғы халық сотының төрағасы Чжан Цзюнь-нің шақыртуымен қазақстандық делегация Бейжіңге барды. Сапар барысында мамандар цифрлық сот зертханасы, жасанды интеллект мүмкіндіктерін көріп, Бейжің интернет сотының жұмысымен танысты. Қытай сот жүйесіне цифрлық инновацияларды енгізуде әлем бойынша көш бастап тұр. Енді бұл елдің озық тәжірибелері елімізде қолданылады. Сот жүйесін жетілдіру мақсатында жасанды интеллект енгізілуі мүмкін. Бұл сот жұмысының тиімділігін арттырып, халықтың құқықтық жүйеге деген сенімін нығайтуға септігін тигізбек.
Асламбек Мерғалиев, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы:
- Сот системасына және Үкіметте цифровизация мәселесіне мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ерекше көңіл бөлінуде. Халыққа сапалы қызмет жасап сонымен қатар судьяларымыз шешім шығарғанда қандай жаңа технологияларды қолдана алатыны жөнінде келіп үлкен ақпарат алдық. Қытайдың толық үлгісін ары қарай зерттеп, зерделеп өзімізге жақын, ұқсас нәрселерді аламыз деген ойымыз бар.