Эквадорда ТЖ жарияланды

Эквадорда екі айға төтенше жағдай жарияланды.

Оған энергетикалық дағдарыс себеп. Латын Америкасындағы елде электр қуатының төрттен үш бөлігі, гидростанциялардан алынады. Бірақ құрғақшылық салдарынан, су қазір өте төмен деңгейде тұр. Үнемдеу үшін ірі қалаларда күніне бірнеше сағатқа жарық өшеді. Эквадорға электр энергиясы Колумбиядан да жеткізілетін. Бірақ көрші елді де қуаңшылық жайлап, жуырда экспорт тоқтаған. Енді төтенше жағдай кезінде, энергетикалық инфрақұрылым нысандарында бақылау күшейеді.