Түменде су деңгейі 11 метрге жетіп қалды
Ресейдің Түмен облысында Есіл өзенінің деңгейі бұрын-соңды болмаған межеден асты.
Көрсеткіш 10 метр 64 сантимерге дейін көтерілген. Дегенмен құзырлы орындар қазір су деңгейі сәл төмендеді деп жатыр. Бірақ қауіп сейілмеген. Өңірдегі бірнеше елді мекенді су басуы мүмкін. Мамандар тасқын алдағы 2-3 күнде шарықтау шегіне жететінін ескертеді. 8-ші сәуірде осы Түмен облысында төтенше жағдай жарияланған. Билік бұл кейінгі 77 жылдағы ең алапат тасқын деп отыр.