Кенияда тасқыннан 38 адам опат болды
Кенияда алапат тасқыннан 38 адам опат болды. 11 мың тұрғын үйін тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр.
Бұл туралы Қызыл Крест өкілдері хабарлады. Қазір апат аймақтарында құтқару жұмыстары мен тасқынға қарсы күрес шаралары жүріп жатыр.
Айта кетейік, Кенияда нөсердің толастамай тұрғанына бірнеше апта болды. Соның салдарынан елдің біраз бөлігін су басты. Метеорологтардың айтуынша, жаңбыр келесі апта да тоқтамайды. Осыған байланысты билік өкілдері азаматтарға жаппай ескерту жасап жатыр.