2030 жылдан Еуропада пластикалық заттар қолданылмайды
2030 жылдан бастап Еуропада пластикалық заттар қолданылмайды. Еуропарламент бірреттік ыдыс-аяқтың кез келген түрі мен полиэтилен қаптарды пайдалануға тыйым салатын заңды мақұлдады.
Заңға сәйкес сусын өндіруші компаниялардың қаптамасы қайта пайдалануға жарамды болу керек. Сондай-ақ мейрамханаға келген әр мейманға өзімен бірге бөлек эко-ыдыс алып жүру міндеттеледі.
Айта кетейік, мұндай заң алғаш АҚШ-тың Калифорния штатында 2016 жылы күшіне енді.