Есіл өзенінің деңгейі рекордтық межеге жетті
Түмен облысында су тасқыны қаупі күшейіп барады, деп хабарлайды 24KZ.
Мұнда толассыз жаңбыр жауып, бүгін Есіл өзенінің деңгейі 12 метрден асты. Бұл – бұрын-соңды болмаған ахуал. Облыс арқылы өтетін Тобыл өзенінің де деңгейі көтеріліп жатыр. Мамандар: «1 мамырға дейін жағдай жақсара қоймас», – деп топшылап отыр.
Ресейде су кірген үйлердің саны қазір 9,5 мыңға жуықтайды. Бұдан бөлек, 26 мыңдай саяжайды су басқан.