Ақтөбе саябақтарында «Таза Қазақстан» аясында тал егіліп жатыр
Мереке күні Ақтөбенің саябақтары мен гүлзарларында тал егу шарасы өтіп жатыр.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы бұл іске қоғам белсенділері, зейнеткерлер және жастар қатысуда. Мәселен, қаланың «Болашақ» шағынауданындағы алаңда 300-ден астам терек егілді. Бұл мөлтек аудан, халықаралық әуежайға жақын орналасқан. Тал егу жұмысына еңбек ардагерлері, студенттер, волонтерлер қатысты.
Абзал Тәкенов, студент:
- Осы тал егуге қатысып келе жатқаныма 2 жыл болды. Негізі тал егу өте дұрыс деп санаймын. Себебі өзіме де жақсы әсер көрсетеді, табиғатқа да пайдалы. Өзім табиғатқа көмектескенді ұнатамын.
Артур Әзиев, «Жасыл ел» жасақтары төрағасының орынбасары:
- Ақтөбе қаласындағы орман шаруашылығымен тығыз жұмыс жасаймыз. Ол жаққа біздің студенттер, мысалы, 80 сарбаз осы мамыр айынан бастап сол жақта жұмыс істейін деп жатыр. Тұқымнан бастап егетін болады, ол жақта енді 20-дан астам талдың түрі бар ғой.