Су тасқыны. Қаза болғандар саны артты
Бразилияның оңтүстігінде тасқын салдарынан опат болғандардар саны 78 адамға жетті.
Тағы 101 адам із-түзсіз кеткен. 150-ден астам кісі жарақат алған. Өңірде нөсер әлі толастамай тұр. Өзен арнасынан асып, дамба жарылған. 300-ге жуық елді мекенді су басып, көпірлер қирап қалған. Электр қуаты мен байланыс қызметі істен шығып, 800 мың адам жарықсыз отыр. Билік жүздеген тұрғынды қауіпсіз жерге көшіріп үлгерді.
Синоптиктер алдағы күндері бұдан да қатты нөсер түсуі мүмкін екенін ескертті. Алапат тасқын ел тарихында 1941 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр.
Эдуардо Лейте, Риу-гранди-ду-сул штатының губернаторы:
- Тасқын құрбандарының саны әлі де өсуі мүмкін. Өйткені су басқан жерлерге енді ғана жеттік. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасады.
Тасқын кезінде 1 адамның мәйіті табылды
АҚШ-тың Техас штатында тасқыннан кейін іздеу-құтқару операциясы кезінде 1 адамның денесі табылды.
Мектеп жасындағы жеткіншек көлігін су шайып кеткен соң, сыртқа шыға алмай қалған. Көмекке мұқтаж 224 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Тағы 150-ден астам үй жануарын бригада қауіпсіз жерге көшірген.
Синоптиктер алдағы күндері жауын-шашын басылуы мүмкін деген болжам жасады.