Франция жасанды интеллект киберқылмыспен күреседі
Париж полициясы Олимпиада кезінде киберқылмыспен тиімді күресу үшін жасанды интеллектінің көмегіне жүгінеді.
Соның арқасында тұрғындар мен туристерді интернет алаяқтардың айла-шарғысынан барынша қорғау көзделіп отыр. Билік өкілдерінің айтуынша, технология түрлі қауіп-қатерлерді ерте анықтап, олардың алдын алу жолдарын анықтай алады. Жүйе хакерлердің шабуылына төтеп беруі үшін ол түрлі сынақтан өткізіліп жатыр. Париж Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті жасаған болжам бойынша, биыл кибершабуылдар саны Токиода өткен дүбірлі додамен салыстырғанда 10 есе көп болады. «Әсіресе компьютерлік жүйелерге вирустармен шабуылдау жиілейді», – дейді мамандар. Сол арқылы алаяқтар деректерді ұрлап, төлем талап ететін көрінеді.