Кенияда тасқыннан 228 адам опат болды
Кенияда тасқын құрбандарының саны 230 адамға жуықтады.
Ізім-ғайым жоғалып кеткен 164 тұрғын әлі табылмады. 220 мың адам уақытша орталықтарды паналауға мәжбүр. Табиғат апатынан бүлінген үйде есеп жоқ. Кенияда наурыздан бері жаңбыр жауып жатыр. Синоптиктер нөсер жауын мамырдың соңына дейін жалғасатынын ескертеді. Шығыс Африкадағы тағы бірнеше ел тасқын құрсауында қалып отыр.