Киттердің қалай байланысатыны анықталды
Ғалымдар киттердің шығаратын дыбыстың фонетикалық әліппесін әзірледі.
Жылдар бойы жүргізілген зерттеуге қарағанда бұл жануарлардың бір-бірімен байланысу жүйесі Морзе тіліне ұқсас код секілді болады екен. Олар дыбыс толқындарының саны, ырғағы және екпініне қарай әртүрлі болып келетін көрінеді. Зерттеушілер: «Теңіз жануарлары осылай өзара тілдесіп, қауіптің алдын алады», - дейді. Ғалымдар енді бұл дыбыстардың қандай мағына білдіретінін анықтауды көздеп отыр.