AstraZeneca екпесін кері қайтарады

AstraZeneca компаниясы бүкіл әлем бойынша коронавирусқа қарсы вакцинасын кері қайтарады.

Енді оны ЕуроОдақ аумағында қолдануға болмайды. Бірнеше айдан кейін өзге елдерде де тиісті талап күшіне енеді. Бірлестік: «Бұл нарықта өзге препараттар көбейгендіктен, коммерциялық мақсатта қолға алынған шара», - дейді. Бірақ қазір сотта осы фармацевтикалық компанияға қарсы іс қаралып жатыр. Себебі оның ковидке қарсы жасап шығарған екпесі қанның ұюын тудырады деген айыппен 51 арыз түскен. Шағымданғандар 125 миллион доллар өтемақы талап етіп отыр. Бірақ компания: «Препараттың мұндай жанама әсері жайлы әуелден-ақ ескертілген болатын», - дейді.