АҚШ-та бірнеше штатта торнадо ойран салды
Теннессиде құйыннан 3 адам опат болды.
Көп үй бүлінді. Алабама, Мичиган штатында да торнадо соқты. Кейбір өңірлерде нөсер толастамай тұр. Салдарынан әуе рейстері кейінге шегеріліп, мыңдаған үй жарықсыз қалды. Апта басынан бері 39 штатта жаңбыр мен құйын тіркелген. Ал Ютада тауда қар көшкіні жүріп, 2 шаңғышы қаза тапты. Тағы біреуін құтқарушылар аман алып қалған. Осылайша, жыл басынан бері АҚШ-та қар көшкінінен 15 адам қайтыс болды.