Ресейде автобус апатынан қаза тапқандар саны артты

Санкт-Петербургте автобус өзенге құлап, қаза тапқандардың саны 7 адамға жетті.

Олардың арасында Қазақстанның тумасы да болған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жолаушылар көлігі 15 адамды тасыған. Жолдың қарсы бетіне шыққан автобус екі көлікті соғып, артынша суға құлаған. Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Жүргізуші қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.