Уругвайда су тасқынынан 500-ге жуық адам эвакуацияланды

Уругвайда бірнеше күннен бері жауын-шашын тоқтамай, мұның соңы тасқынға ұласты.

Салдарынан ондаған елді мекенді су басып, 2 мыңнан астам үй қонысын тастап кеткен. 500-ге жуық кісі қауіпсіз жерге көшірілді. Табиғи апаттан әсіресе, Треинта-и-Трес қаласы қатты зардап шеккен. Халықтың көбі уақытша баспаналарға қоныстанып жатыр. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, тасыған судың деңгейі 1,8 метрге дейін көтерілген. Мамандар табиғи апаттың жиілеуі мүмкін екенін ескертті. Олардың сөзінше, судың тасуына климаттың өзгеруі себеп болған.