Канадада 1 мың га орман алқабы өртеніп кетті
Канаданың Форт-МакМюррей қаласы маңындағы мың гектар орман алқабы отқа оранды.
Қазір Альберта провинциясында төтенше жағдай жарияланып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.
Былтыр Канада тарихында болған алапат орман өртінен, 15 миллион гектар жер күлге айналған еді. Жергілікі билік биыл да қауіп күшейетінін ескертті.