Бразилияда су тасқынынан 136 адам опат болды

Бразилия су тасқынымен бірнеше апта бойы арпаласып жатыр.

Табиғи апат салдарынан қаза тапқан адам саны 136-дан асты. Тағы 125 адам із-түзсіз жоғалған. Әсіресе Рио-Гранде-ду-Сул штатында ахуал күделі. Синоптиктер: «келер аптада қатты жаңбыр жауады», – деп болжап отыр. Тасқын қаупі күшейген сайын тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары да қарқын алды. Айта кетейік, Бразилияның оңтүстік штаттарынан 600 мыңға тарта адам қауіпсіз жерге көшірілді.