Пуэрто-Рикода төтенше жағдай жарияланды
Пуэрто-Рикода толассыз жауын жауып, арты су тасқынына ұласты.
Кейінгі 2 күнде жауған жаңбыр деңгейі 250 миллиметрден асады. Осыған байланысты билік елде төтенше жағдай режимін жариялады. Қазір 22 өңірде ахуал күрделі. Жүздеген үй қирап қалған. Баспанасы су астында қалған тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Тасжолдарды су шайып кеткендіктен, жол-көлік қатынасы тоқтап тұр.