Варшавада ірі сауда орталығы өртенді

Польша астанасы Варшавада 1400 дүкені бар ірі сауда орталығы өртке оранды.

Нысанның 80 пайыздан астамы өртеніп кеткен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Ел билігі тұрғындарға апат туралы ескертіп, үйден шықпауды және терезелерді өрт ауыздықталмайынша ашпауды ескертті. Өйткені төңіректі қою қара түтін басып қалған. Қазір өрт сөндіру және құтқару жұмыстары жүріп жатыр.