Ертіс таси бастады
Омбы облысындағы Усть-Ишим елді мекенінде Ертіс өзені көтерілді. Су деңгейі 9 метрден асады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері алдағы 2-3 күнде аймақтағы тасқын шарықтау шегіне жететінін айтады. Ал қазір бөгеттер салынып, тұрғындар азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп жатыр.
Бұған дейін билік өкілдері өңірде төтенше жағдай режимін енгізген еді. Сондықтан аудан аумағы, тәулік бойы полиция бақылауында тұр.