Ирландияда 21-ге толмағандарға темекі сатылмайды
Ирландияда темекі сату үшін жас шектеуі өзгереді.
Яғни бұрын 18 болса, енді 21-ге толғандар ғана сатып ала алады. Өйткені осы жас аралығындағы азаматтар жаман әдетке әуес болады-мыс. Ирландия Еуроодақта тиісті бастаманы енгізген алғашқы мемлекет болғалы тұр. Мұнда жасы 15-тен асқан тұрғындардың 18 пайызы шылым шегеді. Билік жаңа заңның көмегімен ондай адамдардың үлесін 5 пайызға дейін төмендетуге ниетті. 20 жыл бұрын Ирландияда жұмыс орындарында темекі тартуға тыйым салынған. Елде шылымнан жылына 4 жарым мың адам көз жұмады екен.