Мюнхенде экобелсенділер әуежай жұмысына кедергі келтірді
Мюнхен қаласында бір топ экобелсенді әуежай жұмысына кедергі келтірді. Экобелсенділер әуе айлағының аумағына кіріп, ұшу-қону жолағына жатып алған.
Соның кесірінен 60-тан астам рейс кейінге қалды. Ондаған ұшақ қона алмай, өзге әуежайларға жіберілген. Белсенділер өздерінің әрекетін Германияда климаттық дағдарысқа қарсы нақты шаралардың жоқтығымен байланыстырады. Олардың айтуынша, ел аумағында парниктік газ шығарындыларының 10%-і әуе көліктерінің үлесінде. Осыған байланысты ел үкіметінен табиғатты қорғау бойынша жоспар құрып, әрекет етуді талап етіп отыр.