Сарапшылар: Жасанды интеллект еңбек нарығына жаңа бетбұрыс әкелді

Басшылардың 71%-і қызметкерлерді тәжірибесі болмаса да, жасанды интеллектімен жұмыс істеу дағдысына қарап қабылдайды.

Қытай сарапшылары: «осылайша жасанды зерде еңбек нарығына жаңа бетбұрыс әкелді», – дейді.

Ал «Microsoft» пен «LinkedIn» қызметкерлерінің 75%-ке жуығы кәсіби міндетін орындауда жасанды интеллектіні пайдаланады екен. Халықаралық валюта қоры «жасанды зерде әлемдегі жұмыс орындарының 40%-ін қамтитын күн алыс емес» деген болжам айтады.