Индонезиядағы аралда жанартау атқылады

Индонезияның Халмахера аралында жанартау оянды.

Осыған байланысты билік төтенше жағдай жариялап, 7 ауылдың тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірген. Жергілікті Вулканология агенттігі жанартаудан атқылаған күлдің биіктігі 4 шақырымға жеткенін айтады. Билік жанартаудың айналасындағы 7 шақырым аумақта адамдар мен жануарлар болмау керек деген талап қойды.

Жалпы Индонезияда 127 белсенді жанартау бар.