Якутияда төтенше жағдай жарияланды

Якутияда көктемгі мұз еруінің салдарынан Лена өзені арнасынан асып, бірнеше өңірді су басты.

Әсіресе Олёкминск, Нюрбинск және Намск аудандарында ахуал күрделі. 3 мыңға тарта тұрғын зардап шекті. Бірқатар елді мекенде жарық, жылу жоқ. Тасжолдарды су басқандықтан, көлік қатынасы қиындады.

Апатқа байланысты Саха Республикасында төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, су тасқынынан келген залалдың шығынын Якутия үкіметі шамамен 124 млн рубль деп есептеп отыр.