Грузияда бірнеше елді мекен суға кетті

Грузияда бірнеше күн бойы төпелеп жауған жаңбыр соңы тасқынға ұласты. 

Соның салдарынан бірнеше елді мекен суға кетті. Ондаған үй қирап қалды. Көпірлер бүлініп, электр сымдары үзілген. Қызыл су егістік алқаптарын да шайып кеткен. Қазір апат аймағында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.  Шығын көлемі есептелуде. Кейін тасқын зардабы азаматтарға мемлекеттік бюджет есебінен толығымен өтелмек. Арменияның солтүстігінде осыған ұқсас жағдай. Топан су жолдар мен көпірлерді шайып, Грузия мен Армения арасындағы тасжолда көлік қозғалысы тоқтатылды. Екі ел арасындағы кеден бекеті уақытша жабылған.