Литвадағы сайлауда қазіргі президент жеңіске жетті

Литвадағы президент сайлауының екінші турында қазіргі мемлекет басшысы Гитанас Науседа жеңіске жетті.

Науседа 75 пайыз дауыс жинады. Ал оның қарсыласы премьер-министр Ингрида Симонитені сайлаушылардың 23 проценті қолдаған. Үкімет басшысы президенттік додада өзінің жеңілгенін мойындап, Науседаны Мемлекет басшысы ретіндегі екінші мерзімімен құттықтады. Литва конституциясына сәйкес, президент екі мерзімнен артық сайлауға түсе алмайды. Айта өтейін, Литвада президенттік сайлаудың бірінші турында үміткерлердің ешқайсысы 50% дауыс жинай алмады. Осыған байланысты ең көп дауыс жинаған екі кандидат сайлаудың екінші турында сынға түскен болатын.

Бангладеш пен Үндістан да табиғаттың тосын мінезінен зардап шекті. Сағатына 120 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған жел ондаған мың үйге зақым келтірді. 2 миллионнан астам тұрғын баспанасын тастап, шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілген. Циклоннан Бангладеште миллиондаған абонент қазір жарықсыз отыр. Ал Үндістанның Батыс Бенгалия штатында әуе және теміржол қатынасы тоқтап қалған.