Сирия тұрғындарына қаржылай көмек беріледі
Донор елдер Сирия тұрғындары мен босқындарға көмек ретінде 7,5 миллиард еуро қаражат аударуға келісті.
Бұл шешім Брюссельдегі конференцияда мақұлданды. Қаржылай көмек азаматтық соғыс пен табиғи апаттардан кейін аймақты қайта қалпына келтіру жұмыстарына бағытталады. Сондай-ақ былтыр зілзала кезінде зардап шеккен өңірлерге қолдау мақсатында жұмсалады. Алдымен 4 млрд еуроға жуық қаржы грант ретінде бөлініп, тағы 2,5 млрды несиеге беріледі.
БҰҰ мәліметі бойынша тұтас аймақта 13 миллиондай тұрғын азық-түлік тапшылығынан зардап шегіп отыр. Тағы 12 млн-ға жуығы апат кезінде қонысын тастауға мәжбүр болған.