Нетаньяху лагерьге жасалған шабуылды мойындады

Израиль билігі Рафахтағы босқындар лагеріне жасалған шабуыл «қайғылы қателік» болғанын мойындады.

Естеріңізде болса, ЦАХАЛ Рафах қаласындағы ғимаратқа жасалған соққыдан 45 адам көз жұмған еді. Жүздеген азамат жарақат алды. Дені балалар мен әйелдер. Халықаралық қауымдастық соққыны айыптағаннан кейін Израиль әскерилері тергеу бастағанын хабарлады. Еуроодақтың дипломатия жетекшісі Жозеп Боррельдің айтуынша, Израиль шабуылды шұғыл түрде тоқтатуы тиіс.