29 мамыр – БҰҰ бітімгерлерінің күні
Бүгін бітімгерлер күні.
Алғаш 1948 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы келісімге келе алмай, кикілжіңге барған елдер арасында бітімгерлік жасауға бекініп, миссия құрды. Сол жылдан бастап, бүгінге дейін ұйым бірліктің символына айналды десек болады. Соның құрметіне 29 мамыр Бітімгерлер күні болып бекітілді. Біздің ел де екі мыңыншы жылдардан бері байырқалы бастамаға қоян-қолтық араласып келеді. Маңызды миссияларға атсалысты, ал биыл қазақстандық жеке құрам өз алдына тапсырма орындау мәртебесіне ие болды. Осы уақытқа дейін 600 отандасымыз ұйым операцияларына қатысты. Айта кетейік, наурыз айында 139 қазақстандық әскери Голан жотасына жіберілді. Олар онда жауласқан екі тараптың арасындағы аухуалдың ушықпауына атсалысады.