Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қоқыспен толтырылған 150 әуе шарын жіберді

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қоқыспен толтырылған 150 әуе шарын жіберді

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қоқыспен толтырылған 150-ден астам әуе шарын жіберді, деп хабарлайды 24kz.

Ішінде пластик бөтелкелер, батареялар және тезек бар. Бұл туралы оңтүстік кореялық әскерилерге сілтеме жасаған «Рёнхап» агенттігі хабарлады. Билік тұрғындарға шарларға тиіспеуге және оларды кездестірген кезде бірден полицияға айтуды ескерткен. Сеул «Пхеньян халықаралық құқық талаптарын бұзып, ел азаматтарына қауіп төндірді» деп айыптады. Ал Солтүстік Корея «Бұл оңтүстіккореялық белсенділердің 10 мамырда, әуе шарлары арқылы үгіт-насихат парақшалары мен танымал әндер жүктелген USB-тасымалдағыштарды жіберген акциясына жауап» деп мәлімдеген.