Словения үкіметі Палестина мемлекетін мойындады
Словения үкіметі Палестина мемлекетін 1967 жылғы шекара шегінде мойындайды.
Бұл туралы аталмыш елдің сыртқы істер министрі мәлімдеді. Енді үкімет шешімін парламент 4 шілдеде қарайды. 1967 жылғы Палестина шекарасына Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағасы кіреді. Сондай-ақ Шығыс Иерусалим бар. Словения министрі бұл шара Таяу Шығыстағы қақтығысты бейбіт реттеуге серпін беруі керек деп есептейді.
Естеріңізге сала кетейік, 28 мамырда Испания, Ирландия мен Норвегия Палестинаның егемендігін мойындады. Сарапшылар жақын арада бұл тізімге Мальта да қосылуы мүмкін деп пайымдайды.
Айта кетейік, Палестинаның тәуелсіздігін қазір Біріккен Ұлттар Ұйымының 193 елінің 140-тан астамы мойындаған.
Роберт Голоб, Словения премьер-министрі:
- Палестинаны мойындау біреуге, оның ішінде Израильге қарсы әрекет емес. Бұл – бейбітшілікке үндеу амалы. Таяу Шығыста тыныштық орнатататын кез жетті. Бейбітшілікке апаратын жалғыз жол – даулы аймақта екі мемлекеттің құрылғанын мойындау.