Францияда Олимпиада кезіне жоспарланған терактінің жолы кесілді

Францияда Олимпиада ойындары алдында лаңкестік әрекет жасамақ болған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды 24kz.

Республиканың Ішкі істер министрлігі оның 18 жастағы Шешенстан азаматы екенін айтады. Күдікті Сент-Этьен қаласындағы «Жоффруа Гишар» стадионын шабуылдап, футбол ойыны кезінде көрермендер мен полицейлерді қырмақ болған. Париждегі Жазғы Олимпиада 26 шілдеде басталып, 11 тамызда аяқталады. Жарыстарға 10 мың спортшы мен 10 млн қонақ келеді деген жоспар бар.