Джо Байден: Газадағы қақтығысты тоқтататын мезгіл жетті
АҚШ президенті Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға қатысты жаңа жоспар ұсынды, деп хабарлайды 24kz.
Ол 3 кезеңнен тұрады. Джо Байденнің мәлімдеуінше, бірінші кезең 6 аптаға созылады. Бастапқы екі кезеңде атыс толық тоқтатылып, Израиль әскері Палестина жерінен шығарылып және екі тарап тұтқындар алмасуы қажет. Үшінші, соңғы кезеңде АҚШ пен халықаралық қауымдастық қолдауымен аймақты жаппай қалпына келтіру жұмысы басталады. Бұл 3 жылдан 5 жылға дейін созылады деген болжам бар.
Джо Байден, АҚШ президенті:
- Шын мәнісінде шешуші сәт туып тұр. Израиль өз ұсынысын жасады. ХАМАС атысты тоқтатуды қалайтынын жеткізді. Енді ХАМАС мен ұсынып отырған осы келісімді қабылдауы керек. Соғысты тоқтататын мезгіл жетті.
Байден бұл келісімді Израиль үкіметі қолдап отыр дейді. Ал ХАМАС қозғалысы аталған жоспарға оң көзқарас танытатынын жариялаған.