Германияның оңтүстігін су басты
Германияның оңтүстігін жаңбыр салдарынан су басып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Сағаттап құйған нөсер соңы тасқынға ұласқан.
Әсіресе, Фишах қаласының тұрғындарына қиын тиді. Тасқын көшелер мен көпірлерді шайып, маңайдағы егіс алқабын басып қалған. Полиция мен өрт сөндірушілер табиғи апат аумағын жауып, көліктерді басқа жаққа бағыттап жатыр. Метеорологтар жауын-шашын үдеп, найзағай түседі деп ескертті. Кейін жаңбырлы ауа райы Францияға ауысады деген болжам бар.