1,7 млн палестиналық Хан-Юниске көшірілді
Израиль әскерінің Рафах қаласындағы операциясына байланысты 1,7 миллион палестиналық Хан-Юнис қаласына көшірілді.
Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының палестиналық босқындар жөніндегі Таяу Шығыс агенттігі хабарлады. Атаулы мекеменің мәліметі бойынша Рафах қаласында соғыстан зардап шеккендерге көмектесіп келген 36 орталықтың бәрі қазір бос тұр.
Тель-авивте ауқымды шеру өтті
Өз кезегінде Тель-Авив қаласының тұрғындары үкіметке қарсы шеруге шығып, билік өкілдерін Газа секторындағы атысты тоқтатуға шақырды. Бұдан бөлек, премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың отставкасы мен елде жаңа сайлау өткізуді талап етті. Алайда наразылық акциясының соңы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты.