Израиль Байденнің бейбіт жоспарын қабылдауға әзір

Израиль билігі Джо Байденнің Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдауға әзір.

Премьер-министр Нетаньяху кеңесшісінің сөзінше, жоспарды қайта түзету қажет. Израиль тарапы тұтқындағылардың барлығын босатып, ХАМАС ұйымының көзін жоюды талап етіп отыр. «Жоспар жүзеге асса, кепілдегілерге айырбас жасалып, аймақтағы қақтығысты тоқтатуға мүмкіндік туады», – дейді. Ал Газа секторын қайта қалпына келтіру үшін АҚШ пен халықаралық қауымдастықтар жұмыла көмек көрсетеді. ХАМАС қозғалысы Байден ұсынған келісімді құптады. Топ өкілдері атысты біржолата тоқтату шартымен кез келген ұсынысты қабылдауға дайын.