Израиль атыс-шабысты 42 күнге тоқтатуға дайын
Израиль Газа секторындағы атыс-шабысты 42 күнге тоқтатуға дайын.
Бұл тұтқындарды босату үшін жасалады. Десе де еврей елі діттеген мақсатына жетпейінше әскери іс-қимылдарды доғармайды. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху осылай деп жария етті. Бірнеше күн бұрын АҚШ президенті аймақтағы шиеленісті реттеудің жоспарын ұсынған еді. Ол 3 кезеңнен тұрады. Жоспар атыс-шабысты тоқтату, тұтқын алмасу, гуманитарлық көмектің жеткізілуін ретке келтіру және Газа секторындағы діни, білім беру және медицина мекемелерін қалпына келтіруді көздейді. Палестиналық ХАМАС өкілдері ұсынысты құптайтындарын айтты. Ал Израиль тарабы бұған қалай қарайды? ол жайында әлі ресми мәлімдеме жасалмаған.