Баланың қиялынан туындаған байрақ

Әдетте мемлекеттік нышанның белгілі бір авторы болады.

Ал баланың қиялынан туған ту туралы естіп пе едіңіз? Әлемде ең керемет ел деген атауға ие Норвегия байрағының тарихы кіш-кішкентай бүлдіршін, Берген парламентарийі Фредери Мельцердің ұлы, Герхард есімімен байланысты. Тарихи дерекке сүйенсек, балақай Дания елінің туымен ойнап отырып, ақ түстің үстіне көк бояу жағады. Бұл оның әкесіне ұнап, ұлының туындысын ұлттық ту ретінде жариялайды.  Норвегия мен Дания туларының бір-біріне ұқсайтыны осыдан. 

ЦИТАТА

Әлем елдерінің туына көз салсақ, сол елдің тарихынан сыр шертетін, географиялық орны мен экономикалық көрсеткіштері, діні немесе этникалық факторларға байланысты түрлі элементтер мен түстер қолданылған. Мәселен бір одақтың астындағы елдердің байрағы көбіне ұқсас келеді. Бұған сан ғасырлық қақтығыстар да әсер етеді.    

Тед Кайе, Солтүстік Америка весилологиялық қауымдастығының хатшысы  

Монако ма? Индонезия ма?

Ал Индонезия мен Монаконың туына бір қарағанда ешбір айырмашалық таппайсыз. Түсі де, түрі де ұқсайды. Тек пішіні жағынан Монаконың байрағы үлкенірек. Екі елдің байрағын бір-бірінен ажырататын тек осы ерекшелік. Мұның жанында Польшаның туын алыстан тануға болады. Себебі бұл елдің байрағында керісінше, ақ жолақ жоғары, қызыл жолақ төменде орналасқан.

Жалауы құбылмалы ел

Бір байрақ, екі түрлі мағына... ойыңызға бірден Филиппин түссе, қателеспейсіз. Себебі жер бетінегі байрағы құбылып тұратын, жалғыз ел осы. Яғни бейбіт күндері қызыл жолақ жоғары, ал көк түс төменде орналасады. Соғыс кезінде керісінше... Тудағы ақ, көк, қызыл түс патриоттық пен ерлікті бейнелейді. 

3 түс 28 елдің туында бар

Осы ақ, көк, қызыл түс әлемнің 28 елінің туында кездеседі. Мәселен, АҚШ, Франция, Чилиді алайық. Сарапшылар мұны, сол кездегі теңіз саудасымен байланыстырады. 1600 жылдары Нидерланд алпауыт теңіз державасы болған. Оның туы осы үш түсті біріктірген көлденең үш жолақты болды. Бұл басқа елдердің де назарын аударып, қызығушылық танытқан. Чех туы да осы түстерді пайдаланады. Ал, мамандар үш түстің практикалық және символикалық мәнін былай түсіндіреді: 

Цитата

Қызыл, ақ және көк түстердің танымал болуының практикалық себебі бұл бейнелеу өнеріндегі ең жақсы әрі берік түстер. Ал символикалық мәні: қызыл түс батылдықты; көк түс тыныштықты; ақ түс тазалықты білдіреді.

Тед Кайе, Солтүстік Америка весилологиялық қауымдастығының хатшысы

Кей мемлекет үшін, байрағының көкте желбіреп тұрғаны маңызды. Тутұғыры жөнінен үздік 11 мемлекеттің тізімінде Қазақстан сегізінші орында. Ал 170 м биіктікпен Сауд Арабиясының тутұғыры Гиннестің рекордтар кітабына енген. Сондай-ақ бұл тізімде Тәжікстан, Әзербейжан, Солтүстік Корея және Түрікменстан бар. 

Тутұғыры биік елдер

  1. Сауд Арабиясы - 170 м
  2. Тәжікстан - 165 м
  3. Әзербайжан - 162 м
  4. Солтүстік Корея - 160 м
  5. Түркменстан - 133 м
  6. Иордания - 132 м
  7. БАӘ - 123 м
  8. Қазақстан - 111 м
  9. Малайзия - 100 м
  10. Бразилия - 100 м
  11. Беларусь - 70 м 

Байқасаңыздар, бір елдің туы, екіншісіне ұқсайды, ажырату қиын. Осы көп тудың арасында, көк туымыздың желбіреуі, оның ерекшелігі  көңілге мақтаныш сезімін ұялататыны анық.