Хантер Байденнің сотына алқабилер іріктелді

Джо Байденнің ұлы Хантер Байденге қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесіне алқабилерді іріктеу басталды.

Естеріңізге сала кетейік, 54 жастағы Хантер Байденге қылмыстық істің 3 тармағы бойынша, оның ішінде 2018 жылы есірткі пайдаланып суық қару сатып алды, жалған ақпарат берді және қаруды заңсыз сақтады деген айыптар тағылып отыр.

Айжан Сыдықова, тілші:

- Бірнеше күн бұрын АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылған болатын. Ал енді қазіргі Ақ үй басшысының баласы сотталмақшы. Сот процессі Делавэр штатының сот ғимаратында өтті. Оған Хантердің өгей шешесі Джил Байден, әйелі Мелисса және қарындасы Эшли қатысты.

Хантер Байден 2018 жылы револьвер сатып алған кезде есірткі тұтынған болып шықты. Қару сатып алушы әр адамның мәліметін тексеретін Федералды тергеу бюросы 11 күннен кейін жалған ақпарат берілгенін анықтаған.  Сарапшылардың болжамы бойынша сот процессі бір аптаның ішінде жылдам аяқталатын секілді. Заң бойынша мұндай қылмысқа тіпті 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда Президент баласының бұрын қылмысқа қатысы болмағаны және сатып алған суық қаруды қолданбағаны ескеріліп, айыппұл салынып, қоғамдық жұмысқа ғана тартылуы мүмкін.

Айжан Сыдықова, тілші:

- Сот процессінде 60 алқабидің ішінен 12-сі негізігі, төртеуі қосымша болып таңдалды. Ертең таңертең адвокаттардың кіріспе сөздері тыңдалады. Биыл Президенттік сайлауға түсетін әкесінің беделіне нұқсан келтірген  Хантер салық төлеуден жалтарғаны үшін де айыпталып отыр. Бұған қатысты сот процесі сайлауға екі ай қалғанда, яғни қыркүйекте басталады. 

Айжан Сыдықова