Германияның оңтүстігінде тасқыннан бес адам мерт болды

Германияның оңтүстігінде тасқыннан 5 адам опат болды, деп хабарлайды 24kz.

Дунай өзенінде су деңгейі 10 метрге дейін көтеріліп, тасқын Австрия мен Венгрияға қарай жөңкіліп барады. Қазір бұл елдерде де өзен-көлдер арнасынан асқан. Әсіресе, Германияның Бавария аймағындағы ахуал қиын. Мұнда қозғалыс шектеліп, темір жол қатынасы уақытша тоқтап тұр. Мыңдаған адам қонысын тастап кеткен. Құтқарушылар жапа шеккендерге шұғыл көмек көрсетіп жатыр. Билік елдің 7 өңірінде төтенше жағдай режимін жариялады. «Бұл табиғи апатты кейінгі онжылдықта болмаған құбылыс», - дейді мамандар.